Мемлекеттік рәміздер туралы
«ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданды. Осы Заңға сәйкес, 4 маусым жыл сайын Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.
Мемлекеттік рәміздер кез келген мемлекеттің маңызды атрибуттарының бірі болып табылады, оның бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздер – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
ҚР Мемлекеттік Туы – ортасында сәулесі бар күн бейнеленген тікбұрышты көк мата, оның астында қалықтаған бүркіт бейнеленген. Ту сабында ұлттық ою-өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Күн, оның сәулелері, бүркіт және ұлттық ою-өрнек алтын түстес.
ҚР Мемлекеттік Туының дизайнері – Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі Шәкен Ниязбеков.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы дөңгелек пішінді және көк фонда шаңырақ бейнеленген, одан уықтар күн сәулесі сияқты барлық бағытқа таралады. Шаңырақтың оң және сол жағында мифтік қанатты жылқылардың бейнелері орналасқан. Жоғарғы жағында үш өлшемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Qazaqstan» жазуы бар. Жұлдыз, шаңырақ, уықтар, мифтік жылқылар және «Qazaqstan» жазуы алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының дизайнерлері – танымал сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні деп аталған Қазақстан әнұраны 2006 жылдың 6 қаңтарында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ел Парламентімен бекітілді. Ол алғаш рет 2006 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысының инаугурациясы кезінде орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев.